ҰТАТЫН УАҚЫТ КЕЛДІ
1 ПРОМО ҚАПТАМАДАҒЫ ӨНІМДІ САТЫП АЛЫҢЫЗ
2 КОДТЫ ТІРКЕҢІЗ
3 ӘР МИНУТ САЙЫН ЖҮЛДЕЛЕР ҰТЫП АЛЫҢЫЗ

За любой продукт начисляется 25 BrandPoints

BrandPoints (ВР) есептеудің үлгісі

Басқа промо өнімнен екінші кодты жіберу арқылы екінші код үшін алған ұпайларыңыз екі еселенеді, ал үшінші код үшін үш еселенеді.

«Күз 2016» науқанын өткізу ережелері мен оған қатысу шарттары

  1. «Күз 2016» жарнамалық науқаны (әрі қарай «Науқан») белгісіз тұлғалар арасында, «A’SU», «DaDa Дача», «DaDa», «Пиала Gold», «Нектар Солнечный» өнімдеріне қызығушылықты қалыптастыру және қолдау мақсатында өткізіледі. Көрсетілген өнімдерді «RG Brands Kazakhstan» ЖШС өндіреді.
  2. Науқан 2016 ж. 15 қазаны мен, қоса алғанда 2016 ж. 31 желтоқсаны аралығында өткізіледі (әрі қарай «Науқанның өткізілу кезеңі»). Науқан осы Науқанды өткізу ережелері мен оған қатысу шарттарына (әрі қарай – Ережелер) сәйкес өткізіледі.   
  3. Науқан ұйымдастырушысы «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (әрі қарай «Ұйымдастырушы») болып табылады. Мекен-жайы: 050054 Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Райымбек д-лы, 212Б.
  4. Осы Ережелерде Науқанның өткізілу тәртібі, Науқанға қатысу және оның жеңімпаздарын анықтау тәртібі, сондай-ақ жүлдені тапсыру тәртібі белгіленеді. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарсы келмейді.
  5. Науқанның өткізілу географиясы: Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы.
  6. Төмендегі өнімдердің кем дегенде бір тұтынушылық бірлігін сатып алған Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының азаматы Науқан Қатысушысы бола алады:

Пиала Gold ®классикалық 210 гр

Пиала Gold® кешкі 210 гр

Пиала Gold® ерекше күшті 210 гр

Пиала Gold® классикалық 25 қалташа

Нектар Солнечный 1л

Нектар Солнечный 1,5л

Нектар Солнечный 2 л

DaDa 1 л

DaDa 2л

DaDa Дача 1л

DaDa Дача 2л

A’SU 1,5 л (газдалмаған)

A’SU 1 л ( газдалмаған)

 

Және төменде келтірілген түрдегі арнайы промо-дизайндағы:

  1. Науқанға қатысуға Ұйымдастырушының қызметкерлерінен, Науқан ұйымдастыруды өткізуге қатыстырылған барлық тұлғалардан және олардың отбасы мүшелерінен басқа барлық жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының 18 жасқа толған азаматтары және әрекетке қабілеттілігі ҚР мен Қырғыз Республикасы Азаматтық Кодекстерімен белгіленген өзге тұлғалар жіберіледі.    
  2. Науқанға қатысу үшін сатып алушы осы Ережелердің 6-т. тізім мен дизайнға сәйкес Науқанның промо-дизайнымен әрленген «A`SU», «Пиала Gold»,«Нектар Солнечный», «DaDa Дача», «DaDa» өнімдерінің біреуін сатып алуы және бірегей кодты (қақпақ астында; қаптаманың ішкі жағында немесе жыртпалы қағазында) табуы қажет.  
  3. Промо-кодты тіркеу жолдары:
    1. 1 www.rgpromo.kz сайтында тіркеуден өткеннен кейін «Жеке кабинет» бөлімінде.
    2. 2 7775 қысқа нөміріне (Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үшін) келесі үлгіде SMS жіберу арқылы: код <бос орын> аты <бос орын> тегі <бос орын> қаласы, мысалы: 1234ABCD Пётр Иванов  Алматы. Қазақстан Республикасының барлық ұялы желі операторлары үшін SMS құны – 1 SMS үшін 7 теңге, Қырғыз Республикасының барлық ұялы желі операторлары үшін  – 1 SMS үшін 1 сом.
    3. 3 «AppStore» және «Google play» арқылы жүктеуге болатын «DreamClub» тегін мобильді қосымшасының көмегімен.
  4. Бірегей кодтарды тіркеу барысында келесі жағдайларда SMS-хабарламалар қарастырылмайды:
    1. 1 SMS-хабарламада бір кодтан артық болған;
    2. 2 SMS-хабарламада код жоқ болған;
    3. 3 SMS-хабарламадағы код бұрын жіберілген;
    4. 4 SMS-хабарламадағы кодты Ұйымдастырушының код ретінде сәйкестендіруі мүмкін болмайтын (Науқан Ұйымдастырушысында барлық кодтардың тізімі бар);
    5. 5 Науқан Ұйымдастырушысы SMS-хабарламаны Науқанға қатысуға өтінім қабылдау кезеңі басталғанға дейін (2016 жылдың 15 қазаны, Алматы уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан ерте)  алған;
    6. 6 Науқан Ұйымдастырушысы SMS-хабарламаны Науқанға қатысуға өтінім қабылдау кезеңі аяқталған соң (2016 жылдың 31 желтоқсаны, Алматы уақыты бойынша 23 сағат 59 минуттан кеш)  алған болса.
    7. 7 Қатысушы қате SMS-хабарлама жіберген жағдайда, оған қате туралы жауап SMS-хабарлама келетін болады. Бұл ретте қатысушының қате жіберілген SMS-хабарламасы үшін кеткен шығынын ұялы оператор да, науқан ұйымдастырушысы да өтеп бермейді.
  1. Кодты 7775 қысқа нөміріне SMS жіберу арқылы тіркейтін қатысушылар SMS түрінде жауап хабарлама алады; кодты Интернет арқылы www.rgpromo.kz сайтында тіркейтін қатысушылар өз компьютерінің немесе сайтта кодты тіркеп отырған өзге құрылғының экранына жауап хабарлама алады; кодты мобильді қосымша арқылы тіркейтін қатысушылар мобильді қосымшада ақпараттық хабарлама алады. 
  2. Сайтта немесе мобильді қосымшада тіркелген кезде Науқан қатысушысы бірегей кодтарды SMS-хабарлама жіберу арқылы тіркеу үшін қолданған немесе қолданатын ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірін көрсетуі қажет. Егер бұрын бірегей кодтар сайтта немесе мобильді қосымшада тіркелген болса, кейінгі бірегей кодтарды Науқан қатысушысы сайтта тіркелген кезінде көрсеткен ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірінен жіберуі қажет. Осылайша, Науқан Ұйымдастырушысының бір Науқан қатысушысының SMS және сайт арқылы тіркеген барлық бірегей кодтарын, ұялы байланыс Операторының абоненттік нөміріне байланыстыру арқылы бір қатысушының бірыңғай есеп жазбасына біріктіруге мүмкіндігі болады. 
  3. Егер техникалық ақаулар туындап, бірегей кодты SMS арқылы жіберу мүмкін болмай жатса, қатысушы тегін жедел желі телефоны бойынша қоңырау шала алады: Қазақстан Республикасы үшін 7775 және Қырғыз Республикасы үшін 0 800 100 77 75. Егер код қатысушыға тәуелді емес техникалық себептер бойынша қабылданбаған болса, оператор тіркеу үшін жаңа бірегей код беруі мүмкін, бұл ретте оған тіркеу кезінде проблема туындаған кодты хабарлау қажет.
  4. Науқанның жүлде қоры Науқан Ұйымдастырушысының ақша қаражаты есебінен құралады және келесі Жүлделерден тұрады:

Жүлделерді ұтысқа салу әдісі:

  1. Екінші дәрежедегі жүлделер. Қазақстан Республикасының қатысушылары үшін «500 теңге» (әрі қарай – «500 теңге»)/Қырғыз Республикасының қатысушылары үшін 100 сом (әрі қарай – «100 сом»). Күн сайын 500 теңгеден/100 сомнан 840 жүлде ұтысқа салынатын болады, ол Қатысушылар белсенділігі он төрт сағат болады деген есеппен әр минут сайын ұтысқа салумен сәйкес келеді. Осы санаттағы жүлделер саны шектеулі және науқан кезеңінде бір Қатысушыға бес жүлдемен шектеледі. Кодты жіберу арқылы Қатысушы, сәйкес кодтарды тіркеу кезеңіне жататын ұтыс ойыны кезеңіндегі минут сайынғы «500 теңге»/«100 сом» ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігін алады.

Екінші дәрежедегі жүлделердің ұтыс ойындары кезеңі:

Алғашқы ұтыс ойын 2016 ж. 15 қазаны Алматы уақыты бойынша сағат 00.00.00 бастап 23.59.59 дейінгі кезеңде кодтарды тіркеген науқан қатысушылары арасында, 2016 жылдың 16 қазанында сағат 10:00 басталады. Екінші ұтыс ойын 2016 ж. 16 қазаны Алматы уақыты бойынша сағат 00.00.00 бастап 23.59.59 дейінгі кезеңде кодтарды тіркеген науқан қатысушылары арасында, 2016 жылдың 17 қазанында сағат 10:00 өткізіледі және солай жалғаса береді.

500 теңге жүлдесі жеке кабинетке түседі және қатысушы тарихында «BrandPoints» түрінде көрінетін болады (BrandPoints – осы науқандағы ұпайлардың шартты атауы, Бір BrandPoint бір теңгеге тең). Қатысушы өз қалауымен және кез келген уақытта сайттағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетіндегі жүлдені аудара алады. Жүлдені:

  1. Ұялы телефонның балансына
  2. «SalemPay» электрондық әмиянына аударуға болады, кейін оны банктік картаға аударуға немесе қызметтерді төлеуге жұмсауға болады. Қол жетімді қызметтерге төлем жасау әдістері туралы толығырақ «SalemPay» ережелерін жүктеу арқылы танысуға болады. (Бұл нұсқа Қырғыз Республикасында жоқ).

Бұл ретте бонустарды аударуды жүзеге асыра отырып, қатысушы «SalemPay» электрондық әмиянын ашуға келіседі.

Соңғы үш күндегі жеңімпаздар тізімі www.rgpromo.kz сайтының «Жеңімпаздар» бөлімінде көрсетілетін болады. Жеңімпаздар тізімі күн сайын жаңарып тұрады. Телефонның балансына жүлделер ұтыс туралы хабарлама алғаннан кейін, ұялы байланыс провайдерлері тарапынан туындаған техникалық мәселелерге байланысты жүлденің кешіктіріліп түсу жағдайларын қоспағанда, 20 минут ішінде түсетін болады. Ұйымдастырушы ұялы байланыс провайдерлері тарапынан болған техникалық ақаулар үшін жауапты болмайды. Бір Қатысушы ала алатын екінші дәрежедегі жүлделердің саны 5 (бестен) аспайды. 

  1. Екінші дәрежедегі жүлделер: «TOP 500» рейтингі. Өнім салынған мерекелік себеттер.

«ТОР 500» – науқан аяқталған соң ең көп ұпай жинаған (BrandPoints) 500 Қатысушының негізінде жасалатын ең белсенді қатысушылардың рейтингі. (BrandPoints – осы науқандағы ұпайлардың шартты атауы).

BrandPoints есептеу 2016 жылдың 31 желтоқсанында Астана уақыты бойынша 23 сағат 59 минутта аяқталатын болады.

Жіберілген кодтар санына шек қойылмаған.

Есептелетін ұпайлар санына (BrandPoints) шек қойылмаған.

Науқан аяқталған соң ең көп BrandPoints жинаған 500 Қатысушыға жүлделер – 1 л «DaDa» шырындары мен «Пиала Gold» шайы бар өнім себеттері берілетін болады. Өнім бірліктерінің саны: шырын – 6 д., шай – 1 д. Өнім ассортименті Ұйымдастырушының қалауынша беріледі. 

  1. Бас жүлделер. Науқанның бүкіл кезеңінде 7 «Chevrolet Aveo» автокөлігі ұтысқа салынады, сонда Науқанның бүкіл кезеңінде әр 10 күн сайын 1 автокөліктен ұтысқа салынатын болады. Жүлдегерлер ұтыс ойындарын өткізу арқылы, науқанның алғашқы өткізілу күнінен бастап кезекті ұтыс ойыны өткізілетін күнге дейін қатысушылар жіберген бірегей кодтарды деректер базасынан кездейсоқ таңдау арқылы  анықталатын болады. Ең көп код жіберген қатысушының тіркелген бірегей кодтарының санына тікелей пропорциялы есеппен ұтып алу мүмкіндігі көбірек болады. Бұл ретте 1 тіркелген код 1 мүмкіндікке тең. Бас жүлденің ұтыс ойынына қатысу үшін қатысушы кем дегенде 3 (үш) код тіркеуі қажет. Жүлде қаптамада немесе өзге жарнама материалдарында бейнеленген суретінен өзгеше болуы мүмкін.  

Ұтыс ойындарының кестесі:

  • - бірінші ұтыс ойыны 2016 жылдың 1 қарашасында 15.10.2016 сағ. 00.00.00 бастап 31.10.2016 сағ. 23.59.59 дейінгі кезеңде кодтарды тіркеген қатысушылар арасында жүргізіледі
  • - екінші ұтыс ойыны 2016 жылдың 11 қарашасында 15.10.2016 сағ. 00.00.00 бастап 10.11.2016 сағ. 23.59.59 дейінгі кезеңде кодтарды тіркеген қатысушылар арасында жүргізіледі
  • - үшінші ұтыс ойыны 2016 жылдың 21 қарашасында 15.10.2016 сағ. 00.00.00 бастап 20.11.2016 сағ. 23.59.59 дейігі кезеңде кодтарды тіркеген қатысушылар арасында жүргізіледі
  • - төртінші ұтыс ойыны 2016 жылдың 01 желтоқсанында 15.10.2016 сағ. 00.00.00 бастап 30.11.2016 сағ. 23.59.59 дейігі кезеңде кодтарды тіркеген қатысушылар арасында жүргізіледі
  • - бесінші ұтыс ойыны 2016 жылдың 12 желтоқсанында 15.10.2016 сағ. 00.00.00 бастап 11.12.2016 сағ. 23.59.59 дейігі кезеңде кодтарды тіркеген қатысушылар арасында жүргізіледі
  • - алтыншы ұтыс ойыны 2016 жылдың 21 желтоқсанында 15.10.2016 сағ. 00.00.00 бастап 20.12.2016 сағ. 23.59.59 дейігі кезеңде кодтарды тіркеген қатысушылар арасында жүргізіледі
  • - жетінші ұтыс ойыны 2017 жылдың 05 қаңтарында 15.10.2016 сағ. 00.00.00 бастап 31.12.2016 сағ. 23.59.59 дейігі кезеңде кодтарды тіркеген қатысушылар арасында жүргізіледі

Бас жүлделердің ұтыс ойындарын өткізу күндері техникалық немесе ұйымдастырушылық мәселелердің салдарынан кейінге, бірақ 3 жұмыс күннен аспайтын мерзімге ауыстырылуы мүмкін. Бас жүлделердің ұтыс ойындарының кестесі де Ұйымдастырушының заңнамасымен, яғни Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген демалыс және мерекелік күндерді ескере отырып, сондай-ақ Науқан ұйымдастырушысына қатысы жоқ жағдайлар басталған кезде түзетілуі мүмкін.

Бас жүлделердің жеңімпаздары нотариустың қатысуымен құрамында Науқан Ұйымдастырушысының атынан кем дегенде үш өкілі болатын комиссияның қатысуымен анықталады. Жеңімпаздарды анықтауға қатысқан комиссия мүшелері бас жүлделердің әрбір ұтыс ойындарының нәтижелері бойынша ұтыс ойынының хаттамасына қол қояды. Ұтыс ойынының хаттамасындағы комиссия мүшелерінің қолдарын нотариус куәландырады.   

  1. Бас жүлделерді беру шарттары:
    1. 1 Бас жүлделер ұтыс ойынының жүлдегерлеріне Ұйымдастырушы компаниясының қызметкері немесе уәкілетті тұлға телефон бойынша хабар беретін болады. Бас жүлделерді ұтып алған жеңімпаздар тізімі www.rgpromo.kz сайтының «Жеңімпаздар» бөлімінде жарияланатын болады.
  2. Ұйымдастырушы ұтыс ойын өткізілгеннен кейін 24 сағат ішінде барлық жүлдегерлерге қоңырау шалып, оларға ұтыс туралы жариялауға міндеттенеді. Егер жүлдегерлердің бірінің телефоны 24 сағат ішінде қол жетімсіз болса, Ұйымдастырушы оған хабарламастан, оны резервтік жүлдегермен алмастыру құқығын өзіне қалдырады. 
  3. Жүлде алуға үмітті Жарнамалық науқанның қатысушылары Жүлделерді алу үшін Ұйымдастырушы беретін барлық қажетті құжаттарды толтырып, оларға қол қоюға міндеттенеді.
  4.      Бас жүлде «RG Brands Kazakhstan» ЖШС, «Азия Авто» ЖШС және жеңімпаз арасында үш жақты шарт жасасу арқылы берілетін болады.
  5. Ұйымдастырушы жүлдегерлердің жүлдені алуларына байланысты туындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қырғыз Республикасының заңнамасында қарастырылған барлық міндетті салықтар мен бюджетке төленетін өзге төлемдерді төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады.
  6. Жеңімпаз қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы жүлдені беру туралы келісім жасайды және жүлдені алу мен ЖТС төлеу үшін қажетті құжаттарды, атап айтқанда: жеке куәлігінің түпнұсқасы мен ЖСН сұрайды.
  7. Тиісті жүлдені алу кезінде Ұйымдастырушыға жеке куәлігінің және/немесе төлқұжатының түпнұсқасын/көшірмесін бермеуі, қатысушының кінәсінен туындаған, қатысушының қандай да бір себептермен Жүлдені алмауын және алу мүмкіндігінің болмауын Ұйымдастырушы қатысушының Жүлдеден бас тартуы деп қабылдайтын болады және ол үшін Ұйымдастырушы жауапты болмайды. Жүлдегер осы Ережелердің 22-т. сәйкес қажетті құжаттарды келісуден және/немесе беруден бас тартқан, немесе оларды уақтылы жібермеген (Ұйымдастырушы хабарлаған күннен бастап 20 жұмыс күннен асырмай) жағдайда, Ұйымдастырушы жүлдені беруден бас тартуға және сол жүлдегерден резервтік жүлдегердің пайдасына жазбаша бас тартуын алмаса да, оны резервтік жүлдегермен алмастыруға құқылы.
  8. Егер қатысушы бірегей кодты тіркеу кезінде өзінің жеке деректерін қате көрсеткен немесе өзге тұлғаға тіркелген телефон нөмірінен кодты тіркеген жағдайда, Ұйымдастырушы сол жүлдегерге хабарламастан оны резервтік жүлдегермен алмастыру құқығын өзіне қалдырады.
  9. Ұйымдастырушы Жүлдені қайтып алмайды және айырбастамайды.
  10. Жүлдеге меншік құқығы тиісті Жүлдені ұтып алған қатысушы оны алған сәттен бастап соған ауысады. Осы сәттен бастап Ұйымдастырушы Жүлденің жоғалуымен, оған иелік етумен байланысты қауіп-қатер үшін жауапты болмайды.
  11. Жүлделер тек осы ережелерге сәйкес Жарнамалық науқанның қатысушыларына беріледі. Жарнамалық науқанды өткізуге және Жүлдені алуға байланысты даулы мәселелер туындаған жағдайда, Ұйымдастырушының шешімі түпкілікті шешім болып табылады. 
  12. Жүлделерге қатысты барлық наразылықтарды Жарнамалық науқанның қатысушысы Жүлдені берген жүлде беру орталығында тікелей Жүлдені алған сәтте білдіруі қажет. Егер Жүлде беру орталығында Жүлдені алған сәтте қатысушы Жүлдеге қатысты қандай да бір наразылық білдірмесе, қатысушы Жүлдені тиісті күйінде, еш кемшіліксіз қабылдады деп есептелетін болады.
  13. Жүлделердің жалпы саны Жүлделерді ұтып алған қатысушылар арасында бөліп берілгеннен кейін, кез келген өзге қатысушылардың қандай да бір Жүлдеге қатысты талабы қабылданбайтын болады.
  1. Промо-дизайндағы әр қораптағы кодты тіркей отырып, Қатысушы ұпайлар (BrandPoints) жинайды. Промо-дизайндағы әр өнімдегі бір кодқа сәйкес келетін BrandPoints саны №1 кестеде келтірілген.

№1-кесте. Бір тіркелген кодқа сәйкес келетін BrandPoints саны:

Пиала Gold ®классикалық 210 гр

25

Пиала Gold® кешкі 210 гр

25

Пиала Gold® ерекше күшті 210 гр

25

Пиала Gold® 25 қалташалы

25

Нектар Солнечный 1л

25

Нектар Солнечный 1,5л

25

Нектар Солнечный 2 л

25

ДаДа 1 л

25

ДаДа 2л

25

ДаДа Дача 1л

25

ДаДа Дача 2л

25

Асу 1,5 л (газдалмаған)

25

Асу 1 л (газдалмаған)

25

  1. Бір BrandPoint = 1 (бір) теңге және 1 (бір) теңгеден кем болуы мүмкін емес. BrandPoints рейтингі ұйымдастырушының қалауынша ұлғаюға немесе азаюға (бірақ кем дегенде бір теңгеге дейін) қарай өзгеруі мүмкін. Өзгерген жағдайда, Ұйымдастырушы www.rgpromo.kz сайтында жариялау арқылы хабарлайды.
  1. Бонустық BrandPoints (ұпайлар). Егер қатысушы промо-қаптамадағы өзге брендтен екінші кодты тіркесе, онда оның екінші кодқа берілген BrandPoints екі еселенеді. Егер қатысушы промо-қаптамадағы өзге брендтен үшінші кодты жіберсе, онда оның үшінші кодына берілген BrandPoints үш еселенеді.

BrandPoints есептелу үлгісі:

Нұсқалары

КОД1

КОД2   х2

КОД3   х3

Механикасы

Есептелетіні

№ 1

Пиала Gold  = 25 BP

 

 

25

25 BrandPoints

№ 2

Пиала Gold = 25 BP

Нектар Солнечный 1л = 25 BP

 

25 + (25*2)

75 BrandPoints

№ 3

Пиала Gold = 25 BP

Нектар Солнечный 1л = 25 BP

A’SU 1л =25 BP

25 + (25*2) + (25*3)

150 BrandPoints

 

  1. Қатысушы «Күз 2016» промо науқаны аяқталысымен әмиянда жиналған «BrandPoints» қаражаттарын пайдалана алады немесе оларды келесі науқандарда пайдалану үшін сақтай алады.
  1. Ұпайларды қосымша есептеу амалы он күнде бір рет қолданылады.
  1. Ұйымдастырушы жүлдегерлердің аттары мен фотосуреттерін жарнама мақсаттарында пайдалану құқығын, жарнамалық науқанды ұзарту, ұтыс ойыны мен жүлделер беруді өзгерту құқығын, Жарнамалық науқан және оның өткізілу тәртібі туралы қосымша ақпарат жариялау құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушы Жүлдені баламалы ұтысқа ауыстыру құқығын да өзіне қалдырады. Өткізіліп отырған жарнамалық Науқанның шарттары мен тәртібінің кез келген өзгертулері жағдайында, Жарнамалық науқанның өткізілу мерзімдерін, берілетін жүлделерді, берілетін жүлделердің санын және жарнамалық Науқанды өткізудің кез келген өзге шарттарын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Жарнамалық науқанның өткізілу кезеңінде қосымша ақпаратты www.rgpromo.kz сайтында жариялау құқығын Ұйымдастырушы өзіне қалдырады. 
  1. SMS жіберу немесе сайтта тіркелу қатысушының Жарнамалық науқан шарттарымен толық келісетінін, Ұйымдастырушыдан ақпараттық хабарламалар, соның ішінде SMS, Whatsapp немесе электрондық пошта арқылы алуға келісетінін білдіреді, сондай-ақ Қатысушы Ұйымдастырушының және/немесе оның уәкілетті тұлғаларының деректер базасындағы өзінің жеке деректерін беруіне, өңдеуіне, сақтауына және пайдалануына және Ұйымдастырушы және/немесе оның уәкілетті тұлғалары өткізетін бүкіл науқандары аясында әрі қарай пайдалануына келісімін береді. Бұл ретте Қатысушы 7775 қысқа нөміріне STOP сөзі жазылған SMS жіберу арқылы Ұйымдастырушының ақпараттық хабарламаларынан бас тарта алады.  
  1. Ұйымдастырушы, сондай-ақ оның уәкілетті тұлғалары:
  • - Қатысушы пайдаланатын ұялы байланыс операторы желісінің немесе Интернет-провайдер желісінің SMS-хабарлама жіберуге/алуға немесе сайтта бірегей кодты тіркеуге мүмкіндік бермейтін техникалық ақаулары үшін;
  • - қатысушының жіберген қателіктерінің қандай да бір салдары үшін, с.і. www.rgpromo.kz сайтында қате көрсетілген ұялы телефонның нөмірі үшін және салдары ретінде бірегей кодты көрсетілген ұялы телефонның шотына енгізгені үшін; басқа біреудің ұялы телефонынан бірегей кодты жібергені үшін және салдары ретінде бірегей кодты SMS жіберілген ұялы телефонның шотына енгізгені үшін; сайтта тіркелген кезде жоқ/жұмыс істемейтін ұялы телефон нөмірін немесе Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының (науқан қатысушысының тұратын еліне байланысты) ұялы байланыс операторына тиесілі емес телефон нөмірін көрсеткені үшін және салдары ретінде телефон балансына кепілді жүлдені төлемегені үшін жауапты болмайды.  
  1. Ұйымдастырушы осы ережелерде қарастырылған тәртіп бойынша кімнің бірегей кодты тапқанына және (немесе) тіркегеніне қатысты Қатысушылар арасындағы дауларға кіріспейді. Осы ережелердің шарттарына сәйкес Бірегей кодты алғашқы болып тіркеген тұлға қатысушы болып есептеледі.  
  2. Жүлделерді ұтып алған қатысушылар, Жарнамалық науқанға қатысқаны туралы, соның ішінде радио және теледидар арқылы, сондай-ақ өзге бұқаралық ақпарат құралдарына жарнамалық сұхбат беруге немесе графикалық жарнамалық материалдар дайындау үшін, осы үшін Ұйымдастырушыға ешбір сыйақы төлеместен, түсірілім жасауға келіседі. Осындай сұхбаттар мен өзге материалдардың барлық авторлық және сабақтас құқықтары сәйкесінше шексіз мерзімге және аумағын шектеместен Ұйымдастырушыға тиесілі болады. 
  3. Тіркеу нысанын толтыра отырып, қатысушы Ұйымдастырушының және оның уәкілетті тұлғаларының деректер базасындағы өзінің жеке деректерін беруіне, өңдеуіне, сақтауына және пайдалануына және олардың Ұйымдастырушы өткізетін науқандар аясында әрі қарай пайдалануына келісімін береді.
  4. Қосымша ақпаратты жедел желі телефондары бойынша да алуға болады. Қазақстан үшін – 7775 (барлық ұялы операторлар үшін) және Қырғызстан үшін 0 800 100 7775.